Тараздық бойжеткен биіктен секіріп кетті
Тараздық бойжеткен биіктен секіріп кетті
5,767
оқылды
27 қаңтарда Тараз қаласында салынып жатқан нысанның төбесінен 19 жастағы қыз секіріп кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
"27 қаңтарда сағат 15.50 шамасында Тараз қалалық ПБ жедел басқару орталығына ықшамаудандардың бірінде құрылысы аяқталмаған нысанның төбесінен қыз баланың секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінен.
Секірген қыздың 19 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілген ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бойжеткеннің суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады. Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.