Елена Рыбакина Australian Open – 2023 финалынан кейін тарихи жетістікке жетті
Елена Рыбакина Australian Open – 2023 финалынан кейін тарихи жетістікке жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open 2023 финалында беларусь Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Кездесу 4:6, 6:3, 6:4 есебімен Соболенконың пайдасына аяқталды. Рыбакина осы жарыс қорытындысы бойынша 1 300 рейтингілік ұпайға ие болды Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде Е.Рыбакина дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде ел тарихында алғаш рет 10-орынға көтеріледі.