Астана-Шымкент рейсінің мас жолаушысы ұшақтан түсірілді
Астана-Шымкент рейсінің мас жолаушысы ұшақтан түсірілді
198
оқылды
Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін ұшақтан түсірілді, — деп хабарлайды  polisia.kz  Telegram каналы. 55 жастағы жолаушы ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді.
"Тексеру барысында полицейлер масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол "жеңіл дәрежелі" алкогольдік масаң күйінде болған", – деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі (әуекемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.