Конор Макгрегорды көлік қағып кетті
Конор Макгрегорды көлік қағып кетті
Әйгілі UFC жекпе-жек шебері Конор Макгрегорды көлік қағып кетті. Бұл ол туралы instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
"Қазір ғана арттан келген көлік мені жоғары жылдамдықпен қағып кетті. Жүргізушінің кінәсі жоқ. Күн сәулесіне көзі шағылғаннан алдында адам бар екенін көрмей қалған. Құдайға шүкір, менің уақытым әлі келмепті. Құлауды үйреткен күрес пен дзюдоға да рақмет. Ол менің өмірімді сақтап қалды", – деп жазды ол.