29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

”Қазгидромет“ 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР солтүстік өңірлеріне солтүстік циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батыста атмосфералық бөліктердің өтуімен жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады, солтүстікте желдің күшеюі, батыста және оңтүстікте тұман күтіледі.