Шымбұлақ тау-шаңғы курортында өрт шықты
Шымбұлақ тау-шаңғы курортында өрт шықты
195
оқылды
Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы рестобардан өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын шарпыған аумақ 800 шаршы метр. — деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«29 қаңтар күні сағат 05.30-дар шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында «Облака» атты үш қабатты рестобардан өрт шығып, алдын ала мәлімет бойынша 800 метрге жуық аумақ өртенді. Ғимаратқа өрт сөндіруші көлік келе алмайтын болғандықтан, жалынды өртке қарсы крандар арқылы сөндіріп жатыр», — делінген баспасөз хабарламасында.
Тау-шаңғы курортының Facebook парақшасындағы мәлімет бойынша,  өрт «Талғар шатқалы — 3200» арқан жолының стансасында  орналасқан  Oblaka рестобарынан шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт таңғы сағат 04.00-дер шамасында үшінші қабаттан басталған. Курорттың кезекшілік қызметінің жедел  әрекетінің арқасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Комби-2 арқан жолының жұмысы тоқтатылды. Талғар мен солтүстік Талғар жолдары өрт сөндіріліп шығын сомасы анықталғанша жабық болады.