Чехияда президент сайлауы өз мәресіне жетті
Чехияда президент сайлауы өз мәресіне жетті
Фото: Ondřej Deml, ČTK
235
оқылды
Чехияда президент сайлауының екінші туры аяқталып, отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті. Екінші турда оның қарсыласы бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиш болды. Петр Павел сайлаушылардың 58% дауысына ие болды. Ал Бабишқа дауыс бергендердің үлесі 42%. Жеңіске жеткен кандидат наурыз айының басында инаугурациядан кейін қызметіне кіріседі. Петр Павел қазіргі президент Милош Земанды алмастырады. Чехияда президент сайлауының алғашқы туры 13-14 қаңтарда өтті. Сол кезде Павел мен Бабиш шамамен бірдей дауыс жинаған, бірақ екеуінің де жинаған дауысы 50 пайызға жетпеген.