Сандық жүйенің тиімділігі байқалуда
Сандық жүйенің тиімділігі байқалуда
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қызмет ететін барлық медициналық мекемелер цифрлы жүйеге көшкен болатын. 121 есепке алу және есеп беру формасының 100-ден аса түрі цифрландырылды. Нәтижесінде қағаз бен УДЗ пленкаларына қажеттілік жойылып, сәйкесінше бюджет шығындары қысқарды:
  • 2018 – 226 млн теңге;
  • 2019 – 540,1 млн теңге;
Денсаулық сақтау саласында 100 пайыз мемелекет тарапынан қаржыландырылатын «амбулаториялық дәрімен қамту» деген түсінік бар. Яғни, Мемлекет еліміздегі емханалар мен ауруханаларда медициналық қызмет көрсету аясында диспансерлік есепте тұрған 3 млн қазақстандықты (жыл сайын 11 млн-ға жуық рецепт) қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін  жыл сайын шамамен 100 млрд теңге жұмсайды. Бұл тұста қандай шаруалар атқарылды:
  • медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмекті сатып алу толықтай электронды форматқа ауыстырылды;
  • диспансерлік науқастарды жеке есепке алу мен емдеу схемаларын интеграциялау толығымен автоматтандырылған режимге көшті;
  • өңірлерден қағаз өтінімдерді жинаудан дәрілік заттарды диспансерлік науқастардың нақты қажеттілігі бойынша нақты уақыт режимінде автоматты қалыптастыруға дейін сатып алу процессін трансформациялау;
  • Диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәріні тағайындау және оны алғандығы жайлы СМС хабаралама жіберу.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде:
  • 2018 жылы жалпы соммасы 116,5 млрд теңге бюджеттің 38 млрд-ы үнемделді, яғни 32,6%;
  • 2019 жылы жалпы соммасы 92,6 млрд теңге бюджеттің 22,1 млрд-ы үнемделді, яғни 23,9%
Керемет нәтиже! Бірақ, бюджет қаржысын үнемдеу негізгі мақсат па? ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйелі саясатының арқасында 2018 жылы үнемделген 38 млрд теңгені қайта қаржыландыруға жұмсау туралы шешім қабылданды:
  • 14,8 млрд теңге 2019 жылы 180 мың дәрігер мен орта санаттағы медициналық қызметкердің жалақысын 30 пайызға көбейтуге бағытталды;
  • 23 млрд теңге 2019 жылы сатып алынатын дәрі-дәрмектің саны мен түрін 15 пайызға арттыруға бағытталды.
2019 жылы оңтайландырылған бюджет қаржысы (22,1 млрд теңге) 2020 жылы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жалақысын қосымша 30 пайызға көбейтуге және қымбат дәрілер тізімін арттыруға бағытталды. Оңтайландыру + ашықтық × үлкен деректер = Цифрлы трансформация