Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қызмет ететін барлық медициналық мекемелер цифрлы жүйеге көшкен болатын. 121 есепке алу және есеп беру формасының 100-ден аса түрі цифрландырылды. Нәтижесінде қағаз бен УДЗ пленкаларына қажеттілік жойылып, сәйкесінше бюджет шығындары қысқарды:
- 2018 – 226 млн теңге;
- 2019 – 540,1 млн теңге;
- медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмекті сатып алу толықтай электронды форматқа ауыстырылды;
- диспансерлік науқастарды жеке есепке алу мен емдеу схемаларын интеграциялау толығымен автоматтандырылған режимге көшті;
- өңірлерден қағаз өтінімдерді жинаудан дәрілік заттарды диспансерлік науқастардың нақты қажеттілігі бойынша нақты уақыт режимінде автоматты қалыптастыруға дейін сатып алу процессін трансформациялау;
- Диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәріні тағайындау және оны алғандығы жайлы СМС хабаралама жіберу.
- 2018 жылы жалпы соммасы 116,5 млрд теңге бюджеттің 38 млрд-ы үнемделді, яғни 32,6%;
- 2019 жылы жалпы соммасы 92,6 млрд теңге бюджеттің 22,1 млрд-ы үнемделді, яғни 23,9%
- 14,8 млрд теңге 2019 жылы 180 мың дәрігер мен орта санаттағы медициналық қызметкердің жалақысын 30 пайызға көбейтуге бағытталды;
- 23 млрд теңге 2019 жылы сатып алынатын дәрі-дәрмектің саны мен түрін 15 пайызға арттыруға бағытталды.