Иранда жер сілкінді: үш адам мерт болып, зардап шеккендер саны 816 адамға жетті
Иранда жер сілкінді: үш адам мерт болып, зардап шеккендер саны 816 адамға жетті
Фото: ntdtv.ru
Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзербайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді,  – деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап. Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді, – деп атап өтті ол. Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Оның тереңдігі – 7 шақырым.