Новак Джокович оныншы рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Новак Джокович оныншы рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Фото: smartgambling.ru
250
оқылды
Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 аяқталды. Турнирді Новак Джокович жеңіске жетіп, ол 30 қаңтарда ATP әлемдік рейтингінде қайтадан көш бастады.
 
Род Лэйвер аренасында үш сағатқа созылған бәсеке барысында сербиялық спортшы 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 15 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Новак Джокович 22 рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. Бұл көрсеткіш жөнінен ол испаниялық Рафаэль Надальмен теңесті.