Ақтауда бірнеше иттің өлексесі табылуына қатысты қызметтік тексеріс басталды, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарақия ойпатында иттердің өлекселері табылуына қатысты Маңғыстау облыстық Ауылшаруашылық басқармасы түсініктеме берді.
«Оқиға орнына басқарма басшысы орынбасарының жетекшілігімен арнайы комиссия барып, істің мән-жайымен танысты. Өлекселерді жою жұмыстары жүргізіледі. Бейнежазбада баяндалған деректің дәйектілігі дәлелденген жағдайда бұған жол берген жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шара қолданылады. Өзге ақпарат жуырда жария етіледі»,– деп хабарлады басқарма.
Басқарманың баспасөз қызметі қазір арнайы комиссия өкілдері оқиға орнында зерделеу, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.