Атырауда жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысты
Атырауда жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысты
Фото: tambov.bezformata.ru
1,184
оқылды
Атырау қаласының Еркінқала елдімекенінде жол апатынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Көлік апаты 29 қаңтар күні сағат 18.30 шамасында Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінде болған. Мотоцикл мен КамАз көлігі соқтығысып, оқиға орнында мотоцикл жүргізуші қаза тапты. Жүк көлігі блок артып келе жатқан», –  дейді полицейлер.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Атырау облысында 30 адамды алдап кеткен алаяқ ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.