Ержан Дәуітов: «Әртістер – басқанда дыбыс шығаратын фортепиано пернелері емес»
Ержан Дәуітов: «Әртістер – басқанда дыбыс шығаратын фортепиано пернелері емес»
498
оқылды
Польшада өткен «Хайнувка» фестивалінде үздік дирижер атанған «Астана Операның» бас хормейстері Ержан Дәуітовтің биыл – 50 жылдық мерейтойы. 25 жылдағы кәсіби жолының айтулы жеңісі мен бағындырған биік белесті күндерімен бөліспек болдық... – «Астана Операның» бас хормейстері,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, дирижер секілді қасиеттің бәрі бойыңызда бар, бұған қалай қол жеткіздіңіз? Балалық арманыңыз орындалмай қалды деген өкініш қалмады ма? Музыкамен алты жасымнан бастап айналыстым. Содан болар музыка өмірімнің мәніне айналды. Негізі дирижердің де, хормейстердің де жұмысы дайындыққа байланысты. Ал көрерменнің сахнада көретіні – дайындықтағы еңбегіміздің 10 пайызы ғана. Соның өзін көрерменге жеткізу үшін жан беріп, жан алысасың. Себебі, әрбір әртіс музыкалық біліміне жүгіне отырып, музыканың неден құрылатынын, композитордың шығарманы қалай және не үшін жазғанын білуі қажет. Сөйтіп, әрбір дайындалған сайын жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Бір шығарманы әр орындаған сайын әрқалай сезінесің, түсінесің. Сондықтан өнер адамы өз-өзін дамытуды ешқашан тоқтатпауы керек... Екіншіден, футболист болу арманымның ғұмыры ұзаққа бармады. 15 жасқа дейін өнерді де, спортты да қатар алып келдім. Түбінде музыка жеңді. Сөйтіп, футболдың жанкүйеріне айналдым. Әлі күнге дейін чемпионатты жібермей көремін.  Екеуі екі түрлі сала болғанымен, екеуінің ұқсастығы көп. Бір ғана айырмашылық – нәтижеге қол жеткізу. Музыкада спорттағы секілді бағалау критерийлері жоқ, атлет барлығын басып озса жеткілікті. Ал оның қалай жүгіріп өткені жайлы ешкім ойланбайды, тек нәтижесі маңызды. Музыкада да түпкі нәтиже маңызды. Алайда барлығы анағұрлым күрделі, мұнда жылдамдықта, кетірген секундта, ұзындық пен биіктікте өлшемдер жоқ. Қазір көпшілігі музыканың орындаудағы тереңдігін сезіну үшін ғана емес,  оның сахнада қалай көрінетінін бағалайды. – Хор – сахнада, ал хормейстерді біз көрмейміз. Қаншама ауқымды жұмысты атқарып жүрсеңіз де, көлеңкеде қалып қоятыныңыз көңіліңізге келмей ме? Көрерменнің ұжымға қол соғуы, біздің дұрыс жұмыс істегенімізді білдіреді және көпшіліктің ризашылығы деп түсінеміз. Ең үлкен марапат осы. Көрерменнің біздің өнерді тамашалай отырып, сезіне білсе, оның өз бойынан өткізе біліп, жүрегімен қабылдауы ерен еңбегіміздің бағалануы. Мысалы, театр хормейстерінің басқа хормейстерлерден айырмашылығы бар. Мұнда музыкамен айналысу аздық етеді. Әртістер сахнаға шығып, әндетіп, көрерменге «дұрыс» жеткізу жеткіліксіз. Кейде режиссер болуға тура келеді. Себебі, ұжымның алдына міндеттер қойып, оның қалай алға жылжуы керегін айтамын. Арасында ұйымдастырушылық мәселесі көп болғандықтан, менеджердің де қызметін атқарып, тіпті әртістерге костюмін дайындап кетесің. Мәселен, «Евгений Онегин» операсына киетін костюмдермен көп жұмыс істедім. Суретшінің эскиздерін көрген бойда әрбір әртіске костюмді өзім таңдап, кімге қандай түстің келетінін білемін. Әртістер – басқанда дыбыс шығаратын фортепиано пернелері емес, оларға да көңіл аудару қажет ететінін ескерген жөн. Өйткені әртістердің әрбіреуі – жеке тұлға, соның қырын аша білуіміз керек. – Сіз театрда жиырма жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келесіз. Сіздіңше қандай қойылымдар хор үшін ең күрделі болды? Опералық спектакльдердің барлығы өзінше күрделі. Біз ұлттық репертуармен шыңдалудан жалықпаймыз. Сонымен бірге, «Аида», «Кармен», «Турандот» секілді мықты қойылымдарда ән айту, актерлік ойынға қатысты күрделі тұстары да болады. Әсіресе, бірінші актіде хор ұжымы үнемі қозғалыста жүре әнді де сапалы айтуы керек. Мәселен, «Турандот» спектаклін жарыққа шығармас бұрын, біз оны қойылымнан бір жарым жыл бұрын жаттадық. Бұған бұрын-соңды мән бермесеңіз, опера ұжымы сахнада әнді әрдайым жатқа әндетеді. Әсіресе опера француз, итальян тілдерінде орындалатын дүниеге дайындық көп керек. – Әртістерге спектакльдерде техникалық тұрғыдан айрықша дүниелерді орындауға тура келген кездер болды ма? «Дон Карлос» операсында әртістер үлкен биіктікте тұрып ән салады, сосын жоғарыдан төменге түседі. Бірақ біздің театрда технологиялар заманауи, сондықтан әртістерге ешнәрсе қауіп төнбейді. Биіктіктен қорқу секілді әдеттегі туа бітті қорқыныш бар. Кейде хор сахнаның астына 30 метр тереңдікке түсіп, сол жерде ән салады. Сол кезде хор әртістерінің кейбіреуі өздерін жер астында тұрғандай сезінуі, одан қорқуы да мүмкін. Алайда біздің хорда негізінен жас әртістер болғандықтан ештеңеден қорықпайды, жаңа нәрсенің бәрін көруге дайын. – Кездейсоқтыққа сенесіз бе? Бас хормейстерлікке кездейсоқ, анығын айтқанда, қапы жіберілмеген мүмкіндіктің нәтижесінде келдім. Осыдан 23 жыл бұрын, қаңтарда болған. Ол кезде хор ұжымын жинау кімнің қолынан келер еді деген мәселе талқыланып жатқан. Сонда жас хормейстердің бар екені айтылып, маған опера хорын ұйымдастыруға өтініш түсті. Міне, сол мүмкіндікті дәл уақытында пайдаландым. Өмірде адамға түрлі мүмкіндік беріледі, соны уақытында пайдалана білу керек.