«Қазақстанды бірге салайық» боямағының тұсаукесері өтті
«Қазақстанды бірге салайық» боямағының тұсаукесері өтті
706
оқылды
28 қаңтарда «Қазақстанды бірге салайық» бояу кітапшасының тұсаукесері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Боямақтың алғашқы иелері әрі көрермені – «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» КММ-нің 4-12 жас аралығындағы балалар. қазақстан Әлемді тану және тұлғаның қалыптасуы сәби кезден  басталады. Балалық шақта  өмір бойы ұстаным болып, басшылыққа алатын қасиеттер мен қағидалар қалыптасады. Жаңа, Әділетті Қазақстанның құрылуы туралы сөз еткенде, біз мұның кімдерге арналғанын және олар еліміздің Жаңа Адамдары екенін түсінуіміз керек. Әрине, бұл – балалар. Балаларымызға Жаңа Қазақстан туралы неғұрлым тереңірек түсіндіріп және  оларға креатив, еңбекқорлық, дербестік, ұқыптылық, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты қасиетті бойына сіңірсек, соғұрлым отанымыз гүлдене түседі. қазақстан Дәл осындай ұғым «Қазақстанды бірге салайық» жобамыздың негізінде жатыр. Бұл бояу кітапшасы балаларға пайдалы және сапалы ойын түрінде үйретуге арналған. Мұны балаларға Арман мен Диана есімді кейіпкерлер түсіндіреді. 18  беттік кітапшада жаңа Қазақстанның болашақ құрылысшылары ғана бояй алатын  18 көрініс бейнеленген. қазақстан
«Президент Тоқаев айтқандай «Біздің дана  халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақал бар.  Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие саласы басымдықта болуы керек». Біз жай ғана балаларға арналған бояу кітапшасын дайындаған жоқпыз. Ондағы әрбір сурет балалардың отаншыл болып өсуіне көмектесетін адами қасиеттер мен құндылықтардың бірін сипаттайды. Балалар суреттерін бояп отырып, осы қасиеттерді бойына сіңіреді. Сонымен қатар бұл ата-аналар үшін баласымен маңызды тақырыпта – еліміздің болашағы туралы сөйлесуге көмектеседі», –  дейді «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының белсендісі Мирас Ахметов.

А.Айдарқызы