Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірінде 12 градусқа дейін күн жылиды
Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірінде 12 градусқа дейін күн жылиды
© azattyq-ruhy.kz
2,596
оқылды
Метеорологтар 31 қаңтар-2 ақпан аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынына болжам жасады.
«Республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары атмосфералық қысым аумағының ықпалында болатындықтан, аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады» делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Ал елдің оңтүстік жартысының ауа райын оңтүстік циклон анықтайтындықтан, жауын-шашын, 2 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр түрінде) болып, ауа температурасы 5-12 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін.