Жасанды интеллект (ЖИ) негізінде жұмыс істейтін таңғаларлық құралдар мен технологиялар адамға қызмет етуін жалғастыруда. Олардың дамуы фастфуд мейрамханаларынан бастап, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге дейінгі көптеген салада адамды өзіне тәуелді ету қаупін төндіре бастады. Енді ЖИ адамның ғана қабілеті жететін шығармашылық салаға кірігіп, әуен жазуды үйренуде. ChatGPT-тің әмбебап ғажайыптары туралы SlashGear ресурсында жарияланған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz музыка әлеміне енген ЖИ-дің мүмкіндігін талдайды.
[caption id="attachment_238320" align="aligncenter" width="1913"]
MusicLM – мыңдаған дыбысты мәтіннің мағынасымен салыстыра алатын машиналық оқыту үлгісі. Әуендер мәтіндік нұсқаулар тізбегінің көмегімен жасалады. Google-дің жаңа құралының жұмыс алгоритмін мына сілтемеден көруге болады.Қолданушылар оны қысқа саундтрек немесе әртүрлі стильдегі музыканы өздері қалаған ырғақпен, мәдени өрнектермен жасауда пайдалана алады. Жаңа құрылғыға сөзді әуенге қосуды да тапсыруға болады. [caption id="attachment_238322" align="aligncenter" width="1949"]
MusicLM өзіне берілген материалдарды қорытып, белгілі параметрлерді жинақтау, сараптау арқылы 15 секундтан 5 минутқа дейінгі әуеннің әртүрлі нұсқасын немесе толық композициясын жасайды. Қолданушы болса әртүрлі бөліктерді қосу арқылы музыканың ырғағы мен екпінін өзіне қажетті түрге келтіріп толық музыкалық шығарма дайындай алады.Жаңа музыкалық ЖИ-дің техникалық құжаттарында MusicLM музыкалық шығарманы ести алатын және оған ұқсас өнім жасай алатын бұрынғы AudioLM құрылғысының негізінде жасалғаны айтылады. Алайда жобаға қатысушылар мәтіндік шешімді жүзеге асыру әлдеқайда қиын міндет деп болжайды. Өйткені машинаға адамдардың көңілінен шығатын, күнделікті ұнататын әуендерді таңдауды үйрету әлдеқайда қиын. Сондай-ақ оның машиналық оқыту алгоритміне негізделген жұмыс істеуі үшін мол үлгілер жиынтығы да жоқ. [caption id="attachment_238323" align="aligncenter" width="1800"]
Google мүдделі тұлғаларға MusicLM-нің музыкалық сарапшылардың көмегімен дайындаған 5 500 жұп әннің (әуен+ән мәтіні) жинағын ұсынды. Бұл MusicLM моделінің эксперименттік немесе коммерциялық іске асырылуына жеткіліксіз болса да ЖИ-ді шығармашылық салада қолдануға жасалған тамаша қадам деп бағалануда.Сарапшылар 2023 жылы жасанды интеллект өзінің дәлдігі мен тиімділігін жылдам өсіреді деп сенеді. ChatGPT және Jasper.ai сияқты құралдар әлемдік деңгейде үлкен дүрбелең туғызуда.
ЖИ адам өмірінің маңызды бөлігін жаулап алуға қажет деңгейге қашан жететінін болжау қиын. Бірақ оның даму пәрмені күн өткен сайын күшейіп жатқанын мойындау керек. «Адам, менен қорықпайсың ба?» деген сұрақты қойғанда біздің жауабымыз дайын бола ма екен?! Бұл сұраққа жауапты Aikyn.kz бірнеше материалда жариялады: бірінші материал адамның миымен байланыс орнататын машиналар туралы және екінші материал ЖИ технологиясы бойынша алпауыт компаниялар арасындағы бәсекелестіктің өсуі.