WhatsApp көптен күткен функцияны іске қосады
WhatsApp көптен күткен функцияны іске қосады
Танымал сервисте айрықша белгіше пайда болады. Соның арқасында қолданушылар суретті жіберу кезінде кескіннің сапасын таңдай алады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Jasmin Merdan
567
оқылды
Танымал WhatsApp мессенджері пайдаланушыларға фотосуреттерді түпнұсқалық сапада жіберуге мүмкіндік берді. Көптен күткен жаңалықты WABetaInfo жариялаған. Aikyn.kz ресейлік Lenta.ru басылымына сілтеме жасап, мессенджер арқылы түпнұсқа фотоны сапалы етіп жіберу ерекшеліктерін түсіндіреді. [caption id="attachment_238326" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок7 WhatsApp мессенджері пайдаланушыларға фотосуреттерді түпнұсқалық сапада жіберуге мүмкіндік берді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Olga Rolenko[/caption]
Танымал сервисте айрықша белгіше пайда болады. Соның арқасында қолданушылар суретті жіберу кезінде кескіннің сапасын таңдай алады.
Бұрын да мессенджердің параметрлерінде фотосуреттерді «ең жақсы» сапада жіберуге мүмкіндік беретін опцияны қолдануға болатын. Бірақ бұл опцияны қолданғанда да сурет сапасы іс жүзінде нашарлайтын. Жаңа функцияда суреттер жоғары сапада болады деп күтілуде. [caption id="attachment_238327" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок8 WhatsApp қолданушылары бейтаныс және өзіне ұнамайтын контактілерді тікелей чаттар тізімінде бұғаттай алатыны белгілі болды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Westend61[/caption]
WhatsApp жаңа мүмкіндікті енгізумен айналысып жатқанын WABetaInfo сарапшылары Android негізіндегі мессенджердің бета нұсқасын жаңартумен танысу барысында анықтады. Жаңа функция әзірлену үстінде және болашақ жаңартуларда қолжетімді болады деп күтілуде.
Бұған дейін WhatsApp қолданушылары бейтаныс және өзіне ұнамайтын контактілерді тікелей чаттар тізімінде бұғаттай алатыны белгілі болған. Мессенджер бұғаттау түймесі жаңа хабарламаның қалқымалы ескертулерінде тікелей көрсетілуін жасап жатқаны да жарияланды.