Әлімханұлы танымал рейтингте үздік үштікке кірді
Әлімханұлы танымал рейтингте үздік үштікке кірді
Бокс туралы жазатын ең көне The Ring журналы барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты, – деп хабарлайды massaget.kz. Орта салмақ рейтингінің көш басында Геннадий Головкин өзгеріссіз тұр. Ал Жәнібек Әлімханұлы бір саты көтеріліп, үшінші орынға шыққан. The Ring тұжырымынша орта салмақтың топ-10 тізімі: 1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан) 2 (3). Хайме Мунгия (Мексика) 3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 4 (6). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы) 5 (-). Лиам Смит (Ұлыбритания) 6 (7). Риота Мурата (Жапония) 7 (8). Сергей Деревянченко (Украина) 8 (9). Эрисланди Лара (Куба) 9 (10). Феликс Кэш (Ұлыбритания) 10 (5). Крис Юбенк (Ұлыбритания)