Алматыда көлік салонында "от жаққан" жүргізуші ұсталды
Алматыда көлік салонында "от жаққан" жүргізуші ұсталды
Фото Instagram.com
1,129
оқылды
Қауіпті құрылғымен жабдықталған көлік тізгінінде 1955 жылғы азамат болған. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық полициясы көлігінде "от жаққан" жүргізушіні ұстады. Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. https://www.youtube.com/watch?v=Uix6f2lZ3yY&embeds_euri=https%3A%2F%2Fkaz.zakon.kz%2F&source_ve_path=MjM4NTE&feature=emb_title
"ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.