Алматы облысында көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

Алматы облысында көлікте 2 адам тірідей жанып кетті
Фото: autoassa.ru

Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, 30 қаңтарда Алматы-Өскемен тасжолының 54-шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысқан.

«Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.