Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында рекорд орнатты
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында рекорд орнатты
Фото: olympic.kz
454
оқылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-шы) әйелдер арасындағы эйс саны бойынша Australian Open-2023 турнирінде үздік атанды. Australian Open ұйымдастырушылары мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина жеті ойында 54 эйске қол жеткізді. Чехиялық Каролина Плишкова (31 эйс) үздік үштікті түйіндеді. Франциялық Каролин Гарсия (25), хорватиялық Донна Векич (24) бесінші орында. Ерлерден америкалық Бен Шелтон (85) қара үзіп кетті.