Жеке адамдардың банкроттығы туралы заң көмегін алу үшін 10 мыңнан астам адам өтінім берген.
– Осы заң аясында 1 млн 100 мың адам қамтылуы мүмкін, яғни, олар – өтініш бере алатындардың жалпы саны. Атап айтқанда, банкроттық жайында өтінішті адамдар ерікті түрде береді. Сондықтан азаматтардың көбі «банкрот» санатының кері тұстарын ескере отырып, алдағы уақытта жан-жақты зерделенген шешім қабылдайды деген ойдамын. Себебі банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп тануға жатпайды, – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.Осы орайда ол банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беретін адамдардың нақты санын айта алмайтынын жеткізді.
– Қаңтар айындағы 25 күн ішінде келіп түскен өтінімдерге тоқталсақ, 10 мыңнан астам адам жүгінген. Олар банкроттық рәсімін қолдану жөнінде шешім жасаған. Наурыз айына қарай олардың саны артуы мүмкін, – деді вице-министр.Бұдан бұрын хабарланғандай, қарызы жабылмаған адамдар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.