Аудандық филиал төрағалары сайланды
Аудандық филиал төрағалары сайланды
517
оқылды
Алматы қаласында пар­­тияның сегіз аудандық фи­лиалының төрағалары болып өңірдегі нақты жағ­дайды білетін және партия белсенділері қатарын­да­ғы көш­басшылар сай­ланды. Сонымен, конферен­ция­лар қорытындысы бойынша партияның Алатау аудандық фи­лиалын Жарқын Алдам­бер­генова басқарады. Ал пар­тия­ның Алмалы аудандық фи­­лиалына кеңесшіден бас­тап, Алматы қаласы аудандық фи­лиа­лының атқарушы хат­шы­сына дейін еңбек еткен пар­тия­лық жүйеде 11 жылдан ас­там тәжірибесі бар Ерлан Әл­би­сенов жетекшілік ететін болды. Алматы филиал төрағалары Партияның Әуезов аудан­дық филиалын басқару 20 жылға жуық партия қатарында тәжірибесі бар, түрлі партия­лық қызметте 17 жылдан астам уақыт еңбектенген Найля Ор­дабаеваға сеніп тапсырылды. Партияның Жетісу аудандық филиалының төрағасы болып Ерлан Давов, Медеу филиалы­ның төрағасы болып Азат Ажиманов сайланды. Наурыз­бай және Түрксіб ауданда­рында партия белсенділері Ты­нышқали Сәбен және Серік­болсын Сарыбаевты сай­лады. Айта кетерлігі, бұған дейін жеті аудандық филиал­дың төрағалары атқарушы хатшы ретінде қызмет еткен. филиал төрағалары Ал мегаполистегі ірі аудан­дардың бірі – партияның Бос­тандық аудандық филиалын қоғамдық негізде қалалық қан орталығының директоры, 22 жылдық еңбек өтілі бар ама­наттық Жандос Нәдіров бас­қаратын болды. Жаңадан сай­ланған төраға денсаулық сақ­тау саласында 25 жылдан астам еңбек етіп келеді, жоғары награда – «Алтын дәрігер» төс­белгісінің иегері. «АМАNAT» партиясы қа­лалық филиалының басшысы Мейіржан Отыншиевтің ай­туынша, сегіз ауданның фи­лиал төрағаларын сайлауда пар­тиялық бастамаларды жүзеге асыруда кәсіби тәжіри­бесі мол, бұған дейін де қоғам­дық-саяси істерге белсене араласып жүрген, сондай-ақ өз ауданының жағдайын жақ­сы білетін адамдар таңдалған.