Димаш қазылыққа енеді
Димаш қазылыққа енеді
Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымы кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына кірді. 27 қаңтарда ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылу салтанаты өтті.
«Қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген – поп, клас­сикалық кроссовер, фольклор­лық және опералық эстрада жанрларында әлемге әйгілі му­зы­калық орындаушы. Оның есімі Шығыс Еуропа мен Азияда, әсі­ресе Қазақстанда, туған елінде та­нымал, сондай-ақ Қытайда, Ре­сейде 120-дан астам елде жан­күйерлер базасы бар», – деп хабарлады ұйымдастыру­шылар.
Фестивальдің бірінші күні әйгілі үнді режиссері Рахул Рава­ил басқарған халықаралық қазы­лар алқасы өз жұмысын бастады. Қазылар алқасында: Нин Ин (Қытай), Гульбар Толомушова (Қырғызстан), Иван Кудрявцев (Ресей), Мехмедсаид Шохийон (Тәжікстан), Матякуб Матчанов (Өзбекстан) және Димаш Құдайберген (Қазақстан) бар. Шанхай Ынтымақтастық Ұйы­мы­ның кинофестивалі кино өнерін дамытуға, мәдени бағдар­ламалармен, таланттардың жас ұрпағын тәрбиелеу қағидат­тарымен алмасуға, сондай-ақ ұжымдық кинематографиялық тәжірибе жасауға бағытталған.

Айбике ЖАНАСЫЛ