Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымы кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына кірді. 27 қаңтарда ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылу салтанаты өтті.
«Қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген – поп, классикалық кроссовер, фольклорлық және опералық эстрада жанрларында әлемге әйгілі музыкалық орындаушы. Оның есімі Шығыс Еуропа мен Азияда, әсіресе Қазақстанда, туған елінде танымал, сондай-ақ Қытайда, Ресейде 120-дан астам елде жанкүйерлер базасы бар», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.Фестивальдің бірінші күні әйгілі үнді режиссері Рахул Раваил басқарған халықаралық қазылар алқасы өз жұмысын бастады. Қазылар алқасында: Нин Ин (Қытай), Гульбар Толомушова (Қырғызстан), Иван Кудрявцев (Ресей), Мехмедсаид Шохийон (Тәжікстан), Матякуб Матчанов (Өзбекстан) және Димаш Құдайберген (Қазақстан) бар. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалі кино өнерін дамытуға, мәдени бағдарламалармен, таланттардың жас ұрпағын тәрбиелеу қағидаттарымен алмасуға, сондай-ақ ұжымдық кинематографиялық тәжірибе жасауға бағытталған.
Айбике ЖАНАСЫЛ