Жарақатты емдейтін жаттығу
Жарақатты емдейтін жаттығу
882
оқылды
Осы күні тән ауырса дәрігерге, жан ауырса психологтың қызметіне жүгінетіндер көбейді. Оның үстіне, бірнеше бейінді мамандарға бөлінетін медицина саласы се­кілді адам психологиясын жан-жақты зерттейтін жаңа мамандық иелері де өз алдына жеке-дара бөлініп шыға бастады. Оның бірі – нейропсихолог. Бұл мамандардың қызметі қазір жекеменшік оқу орталықтары мен мектептерде да сұранысқа ие. Олардың қызметіне не кіреді және нейрожаттығулардың пайдасы қандай? Заманауи ғылым Нейропсихолог, диагност, прак­тик әрі «Ерекше бала» орта­лығының негізін қалаушы Бе­рік­бол Әсербаев «Психолог пен ней­ропсихологтың қызметін ша­тастырып жататындар жетер­лік» дейді. Бірақ психолог эмо­ционалды-еріктік мәселелерді және эмоционалды-жеке пробле­маларды, ал нейропсихолог – ми анатомиясы мен физиологиясын зерттейді екен. Сонымен қатар арнайы нейропсихологиялық диагностика жүргізіледі. Оның айтуынша, нейропсихология – за­манауи ғылым. Оның міндетіне мидың қызметі негізінде психи­калық үдерісті ұйымдастыру кіреді.
– Нейропсихология – адам миының даму ерекшеліктерін, ми талшықтарының адамның тұлға­сы мен мінез-құлқына қалай әсер ететінін зерттейді. Мысалы, адам миында 8 миллиардтан астам ней­рон бар. Осы мидың ішіндегі май­да нейрондар ананың құрса­ғында эмбрион кезеңінен бастап пайда болады. Адам миындағы нейрондардың саны өсе келе одан сайын көбейеді. Кейбір ғалымдар «нейрондардың түзілу уақытын 7-9 жас аралығында» деп көрсетсе, батыс ғалымдары «5 жасқа дейін» дегенді алға тартады. Міне, осы уақыт аралығында балада бұзылыс болса, сол бұзылысты уақытында қалпына келтірудің маңызы жо­ғары. Бірақ адам миы өте икемге келгіш, түзілгіш болады. Сол се­бепті жарақат алған нейрондардың түзілуіне қайтадан уақыт беріледі. Әрине, жас кезде олар тез түзіледі, ал түзілмеген жағдайда 8 млрд нейрон мидың басқа бөліктерінен өтемақы алып, өз жұмысын жал­ғастыра алады, – дейді Берікбол Болатбекұлы.
Әр мамандықтың өз орны бар
Біз бағанадан бері айтып отыр­ған «нейро» – мидағы жүйке талшықтары. Жүйке жүйесі майда талшықтардан тұрады. Соны «нейрондар» деп айтады. Бірақ әдебиеттерде нейрондардың анық­тамасына әртүрлі түсініктеме берілген. Нейропсихологтардың түсінігінде бұл жүйке талшықта­ры ретінде көрсетіледі. Олардың бар­лығының өз атқаратын қыз­меті бар. Мәселен, адам миы брока және веринике деген бөліктерден тұратын болса, брока - моторлы түрде сөйлеуге, веринике - адам қабылдауына жауап береді. Егер бастағы осы қабылдау мен сөйлеуге жауап беретін бө­ліктерге қандай да бір ақау тисе, нейрондардың зақымдануына алып келеді. «Әйелдің жүктілік уа­қытында қандай да бір ауру­лармен ауруы немесе өсіп келе жатқан бала жарақат алған жағ­дайда нейрондардың зақымда­нуына себеп болады. Немесе ба­лалардағы көптеген соматикалық, патологиялық аурулардың сал­дарынан жүйке талшықтарына зиян келіп жатады. Сондықтан нейрондарға жеткілікті деңгейде оттегі бармай қалса да зақымдану процесі басталады. Сондықтан ми талшықтарына зақым келген балалармен жұмыс істеген кезде нейрожаттығулардан бөлек, ке­шенді түрде жұмыс істеген дұ­рыс. Біз өздігімізден әрекет ете ал­маймыз. Алдымен остеопат, нев­ропатолог мамандарға қара­лып, соның қорытындысына сү­йеніп қана келуін талап етеміз», – дейді нейропсихолог.
Ми әртүрлі психикалық про­цестерді жүзеге асыруға нақты қа­лай қатысады? Мидың да­муын­дағы жарақаттар мен бұзы­лулар психикаға қалай әсер етеді? Ми қалай дамиды? Балалардағы ней­ропсихологиялық ерекше­ліктері қандай? Нейропсихология бала­ның сау және ақылды болып өсуі­не қалай көмектесе алады? Міне, осы сауалдар нейропси­хология ғылымымен тығыз бай­ланысты. [caption id="attachment_238395" align="aligncenter" width="1556"]нейропсихолог © коллаж: Әсел Балтақызы[/caption] Берікбол Әсербаевтың ай­туынша, егер бала дамуында қиын­дықтарға тап болса (туу жа­рақаты, ерте жастағы аурулар, жалпы анестезия кезіндегі опе­рациялар, бас миының жара­қат­тары және т.б) нейротүзету жат­тығулары оның салдарымен кү­ресуге көмектеседі. Қазіргі бала­ларда көп кездесетін ЗПРР, РАС, СДВГ, диспраксия секілді диаг­ноздармен қатар есте сақтау қа­білетінің нашарлауы, зейін мен қабылдаудың төмендеуі, тез шар­шау, ірі және ұсақ моториканың дамымауы секілді қиындықтар жиі кездеседі.
Бұл ғана емес, бала мектепте немесе балабақшада әлеуметтене алмай, гипербелсенді, шыдамсыз, нашар жазатын, оқитын және санайтын болса, сабақта көңілі ауытқыса, айтқанды тез ұмытса, бұл қиындықтарды оның жүйке-психикалық ерекшеліктерімен де түсіндіруге болады екен. Сон­дық­тан «Әр адамның миы ерекше, өзін­дік қарқыны және даму ерек­шеліктері бар, бірақ мектеп – барлық балаларға бірдей қарайтын қоғамдық мекеме. Сондықтан қа­зіргі бала мектептегі және өмір­лік қиындықтарды жеңу үшін ма­мандардың қолдауын қажет етеді», – дейді нейропсихолог маман.
Кешенді жұмыс қажетті нәтижеге қол жеткізеді Алайда бір ғана нейрожат­тығудың көмегі жеткіліксіз кө­рі­неді. Көп жағдайда мұндай қиын­дықтарды жеңуге мамандардың кешенді көмегі жақсы нәтиже береді. Ол дегеніміз – нейро­пси­хологтардың, логопедтердің және психотерапевтердің бірлескен жұмысы ғана, адам миындағы зақымданған нейрондардың қа­лыпты жұмыс істеуіне жағдай жасай алады. Олардың бірлескен көмегі бала бойындағы пробле­маның бүкіл кешенін шешуге көмектеседі. Нейрожаттығу тек жүйке-психикалық ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық, мінез-құлық қиындықтарын же­ңуге көмектеседі. Мысалы, қазіргі балалардың арасында оқуға құлқы жоқ, құрдастарымен тіл табыса алмайтын және үлкендермен дұ­рыс қарым-қатынас орната ал­майтындар жетерлік. Одан бөлек, сыныптағы жаман мінез-құлық, алаңдаушылық, қорқынышқа жиі бой алдыратындарға да нейро­психологтардың көмегі қажет. Мәселен, қозғалыс және ты­ныс алу жаттығуларының арнайы кешенінің көмегімен бала өз де­несін сезінуге, өз қимылдарын басқаруға, оларды уақытында бастауға және тоқтатуға, бірқа­лыпты және анық қозғалуға үйре­нетін көрінеді. Ал түзету жатты­ғулары кезінде мида көптеген үдерістер жүреді. Біріншіден, баланың ерте жаста дамуында қандайда бір кедергі болған болса, мидың мо­торлы қимыл-қозғалысына жауап беретін аймақтарына әсер етеді. Екіншіден, үйлесімді ақыл-ой әрекеті үшін қажет мидың екі жар­ты шарының арасындағы бай­ланыс нығаяды. Үшіншіден, қоз­ғалыс миды энергиямен қамта­масыз етуге, психикалық өнімді­лікті арттыруға және барлық пси­хикалық үдерістерді жеделде­туге ықпал жасайды.
Нейрожаттығулардың пай­дасы сол, бала қозғалыста өзін-өзі басқаруды үйренген кезде оның миының жоспарлауға, бағдарлауға және басқаруға жауапты аймақ­тары дамиды. Бұл дағдылар бала­ның келешекте кез келген жағ­дайда өз-өзіне сенімді болуына мүмкіндік береді. Себебі, қозға­лыс барлық психикалық про­цес­тердің негізі болып табылады. Бірақ өмір тек қозғалыспен ғана шектелмейді екен. «Сондықтан нейропсихологтың жұмысы да тек моторлы түзетумен тоқтап қал­майды. Есте сақтау, зейін, ойлау, сөйлеу, кеңістіктік бағдарлау се­кілді танымдық (когнитивтік) түзету функцияларымен әрекет етеді. Бірте-бірте қарапайымнан күрделіге қарай баланың қолынан келетініне көз жеткізе отырып, маман оның барлық қиындық­тарын зерттеп, ары қарай жұмыс істейді», – дейді нейропсихолог Берікбол Әсербаев.
Сондықтан қазіргі кезде сау балаларға да нейрожаттығуларды жасатып тұрудың пайдасы бол­маса, зияны жоқ. Керісінше зе­йін­ді бір жерге шоғырландырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін нейрожаттығуларды жасатып тұру маңызды. Бұл адам миындағы психикалық құбы­лыс­тың жақсы жүруін қамтамасыз етеді. Тіпті бас-ми жарақатын ал­ған, бастағы ісік пен күрделі отадан, инсульттен кейін есте сақ­тау қабілеті төмендеген үлкен адамдарға да оңалту мақсатында нейрожаттығуды жандарына серік еткен жөн. Осы арқылы ор­талық жүйке жүйесі арқылы миға бармаған дұрыс сигналдар мен хабарлар қимыл-қозғалыстың кө­мегімен қажетті жеріне жетіп, нейрондардың қалыпты жұмыс істеуін жақсартады.