Абай облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз көшеден табылды
Абай облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз көшеден табылды
Фото: inbusiness.kz
572
оқылды
Полицейлер үйінен шығып кетіп қайта оралмаған 15 жастағы қызды тапты. Бұл туралы Aikyn.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Кеше 102 арнасына 34 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 15 жастағы қызының жоғалып кеткенін айтқан. Қыз сол күні үйінен шығып кеткеннен кейін қайтып оралмаған. Аталған факті Әуезов полиция бөлімінде тіркелді. Қызды іздеуге 150-ден астам полицей мен еріктілер атсалысты. Полицейлер қызды көшеден тауып, үйіне қайтарды. Бұған дейін Петропавлда жоғалған 23 жастағы қыз табылғаны туралы жазған болатынбыз.