Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 72 адам қаза тапты
Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 72 адам қаза тапты
Фото: AFP
240
оқылды
Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 72-ге жетті. 100-ден астам адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Geo.TV хабарлады. Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қылмыскер мешітте адам көбейген түскі намаз уақытында өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс болған мешітке негізінен Пешавар полициясы бас басқармасының қызметкерлері барады. Жарылыс салдарынан мешіттің жартысы қирап, аман қалғандар қирандылардың астынан әрең шыққан. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаза болғандар саны артуы мүмкін. Жарылыс болған кезде мешітте 500-дей адам болған деген болжам бар. Geo TV арнасының хабарлауынша, бұл терактіні "Техрик-и-Талибан Пакистан" атты жергілікті ұйым мойнына алған. Пәкістанда бұл ұйымның қызметіне тыйым салынған.