Министр өрттен екі адамды құтқарған қарағандылық оқушыларды медальмен марапаттады
Министр өрттен екі адамды құтқарған қарағандылық оқушыларды медальмен марапаттады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрі өрттен екі адамды құтқарған қарағандылық оқушылар Ерасыл және Қанат Смағұловтарды және олардың көршісі Руслан Түсіповті «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады. Марапаттау шарасы оқушылар оқитын №12 мектепте өтті. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов батырларға ведомстволық медальдар мен естелік сыйлықтар табыстады.
«Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұған бәрі бірдей батылдық таныта алмайды, бұл батылдық пен шешімділікті қажет етеді. Балаларын дұрыс тәрбиелеген батырлардың ата-аналарына алғыс айтамыз», – деді Нұрлан Бекбосынов.
Сондай-ақ облыстың Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларға Білім министрінің алғысхаттары мен естелік сыйлықтарын тарту етті.