«Досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген»: Қарағандыда әйелін қорлаған ер адамды прокурор небәрі 1,5 жылға соттауды сұраған
«Досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген»: Қарағандыда әйелін қорлаған ер адамды прокурор небәрі 1,5 жылға соттауды сұраған
© orda.kz
1,788
оқылды
Бүгін, 31 қаңтар күні Қарағандыда жүкті әйелін соққыға жығып, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты сот үкімі шығады. Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының президенті Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Сот отырысы кезінде прокурор ер адамды 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған.
«Сегіз ай бұрын менің жиен сіңлімді азаматтық некедегі күйеуі соққыға жықты. Сот сараптамасы оның денесінен пышақ жарақатын да тапты. Ең сорақысы, ол әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсіріп, оны видеоға түсіріп тұрған. Ішінде алты айлық нәресте көтеріп жүрген әйелін осындай қорлыққа итермелеп, досын да ашық видеоға түсірген», – дейді қорға арыз түсірген әйел.
Оның мәліметіне сүйенсек, жәбір көрген келіншек пен оның туысқан әпкесі 2022 жылғы 11 қазанда қоғамдық қорға хабарласқан.
«Әйелінің жүктілігіне қарамастан, азаматтық некедегі күйеуі оны темірмен ұрған, тепкен. «Үш ай бойы жыныстық қатынасқа түспедім» деген досына «сыйлық» жасап, әйелімен жыныстық қатынасқа түсірген. Осы іс бойынша әйелдің күйеуіне қатысты ғана іс қозғалып, досы жауапкершіліктен қашып кетті», – дейді қоғам белсендісі.
Бүгін Қарағанды соты шешімін шығарады.