Сабина Алтынбекова жаңа клубтағы формасын көрсетті
Сабина Алтынбекова жаңа клубтағы формасын көрсетті
©instagram.com/altynbekova_20/
725
оқылды
Қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубының формасымен түскен суретін жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Ол өзінің Instagram желісінде "S20" формасында 20-нөмірмен өнер көрсететін жариялады. Волейболшы 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусымына дейін "Әл-Васл" сапында өнер көрсеткен. 2020 жылы Сабина италиялық "Казрета" командасына қосылды. Алайда клубтың қаржылай қиындықтарына байланысты онда ойнай алмады. Кейін пандемияға байланысты спортшы біраз уақыт клубсыз жүрді.