БҚО-да жол апатынан екі бала зардап шекті
БҚО-да жол апатынан екі бала зардап шекті
Жол апаты 30 қаңтарда Қаратөбе ауданындағы Самара-Шымкент тасжолында болды. 36 жастағы жүргізуші басқаратын Opel Astra көлігі 48 жастағы Қырғыз Республикасының азаматының басқаруындағы Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Opel Astra көлігіндегі 17, 15 және 46 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.