Алдағы күндері 5 өңірдегі өзендерде су деңгейі көтеріледі
Алдағы күндері 5 өңірдегі өзендерде су деңгейі көтеріледі
312
оқылды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с-ке жетеді. Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-3 ақпан аралығында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі.