Мансабын "жоғарылатып" беремін деп уәде берген жалған полицей ұсталды
Мансабын "жоғарылатып" беремін деп уәде берген жалған полицей ұсталды
© egemen.kz
256
оқылды
Алматыда өзін құқық қорғау органы қызметкерімін деп таныстырған ер адам өзгелерге қызметте мансабын "жоғарылатып" беремін деп уәде берген.
Алматы қалалық полиция мәліметінше, ол ақысын төлесе, қызметте мансабын өсіруді уәде еткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.
"Өзін құқық қорғау органдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған 1992 жылы туған А. есімді азамат мансаптық өсуге көмектесемін деп уәде берген. Бірақ бұл “қызметі” ақылы, ол үшін шамамен 18 мың доллар сұраған. Тергеу барысында күдіктінің өзінің құзыреттілігі туралы ақпаратты жеке бас пайдасы үшін таратқаны анықталды. Ниетінің тазалығына сендірген ол алдын ала төлемді аударуды ұсынған. Қазіргі таңда біздің бөлімшеде екі алаяқтық дерегі тіркелді", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.