Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінің үздік үштігіне енді
Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінің үздік үштігіне енді
345
оқылды
The Ring журналының ресми сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингін жаңартты, – деп хабарлайды «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасы. WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орында қалды. Екінші орынға мексикалық Хайме Мунгия көтерілді, ал WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға жоғарылады. Орта салмақ боксшыларының рейтингі мынадай: 1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан) 2 (3). Хайме Мунгия (Мексика) 3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 4 (6). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы) 5 (-). Лиам Смит (Ұлыбритания) 6 (7). Риота Мурата (Жапония) 7 (8). Сергей Деревянченко (Украина) 8 (9). Эрисланди Лара (Куба) 9 (10). Феликс Кэш (Ұлыбритания) 10 (5). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания).