Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аясында бір күн ішінде тағы 2 мыңнан аса қазақстандық өз көлігін заңдастырып, құжаттары мен нөмірін алды.
"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Бүгінгі таңда 32 066 азаматтың өтінімі мақұлданды. 8 670 қазақстандық өз көлігін сәтті заңдастырып, құжаттары мен нөмірін алды", – деп хабарлады ҚР ІІМ.