Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Фото: liter.kz
470
оқылды

Қазақстан Үкіметі 2023 жылғы 26 қаңтарда «Офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады.

«Осы қаулының қосымшасына сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын» делінген қаулыда.
Қаулымен бірге берілген қосымшада биыл әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің жиынтық саны 345 екені көрсетілген. Олардың 260-сы ҚР Қарулы Күштерінен, 60-ы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен, 16-сы Төтенше жағдайлар министрлігінен, 9-ы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланынан тартылмақ.