Бір күнде 60-тан астам адамнан коронавирус анықталды

Бір күнде 60-тан астам адамнан коронавирус анықталды
Фото: matritca.kz

Өткен тәулікте елімізде коронавирус – 63, пневмония 3 адамнан анықталды. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Жалпы, 1 ақпандағы ақпарат бойынша, коронавирустан 1 551 адам (коронавирус (КВИ+) –1 404, пневмония (КВИ-) – 147) емделіп жатыр. Оның ішінде, 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 6 адамның жағдайы ауыр,

– 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.