Ақтөбе тұрғынынан 15 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Ақтөбе тұрғынынан 15 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz
540
оқылды
Ақтөбе облысында қала тұрғынын қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткендер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде ақша сомасын талап етіп бопсалаушыны ұстады. Қаңтар айында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны Р. белгісіз адам ұрып-соғып қорқытып, 15 миллион теңге бопсалағаны туралы арызданды. Жедел іздестіру нәтижесінде, арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп, ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтады. Жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Күдікті 2022 жылдың соңында абақтыдан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды. Осы факті бойынша ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. https://youtu.be/6q2mxRAwwKk