Шымкентте көпқабатты үйдің балконы опырылып құлады
Шымкентте көпқабатты үйдің балконы опырылып құлады
Фото: ТЖД-нен алынды
1,162
оқылды
Оқыс оқиға кеше сағат 14:50-де болған. Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылының бойында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы (көлемі 3 шаршы метр) балкон құлады. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.   Оқиға орнында әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімшілігінің қызметкерлері және жедел құтқару жасағы жұмыс істеді. Құтқарушылар шатырдағы қар мен мұзды түсірді. Апаттан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Бұған дейін Түркістан облысында сапасыз салынған үйлер туралы жазған болатынбыз.