Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады
Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады
© Алматы ПД
1,593
оқылды
Алматы тұрғыны әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Оқиға 31 қаңтарда кешке Наурызбай ауданында, Құрамыс шағын ауданында болған.
"Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам өз әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген", – деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалған.