Бұрынғы Экология министрі жаңа қызметке тағайындалды  
Бұрынғы Экология министрі жаңа қызметке тағайындалды  
Фото: "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметінен алынды
566
оқылды
Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол енді газға қатысты жобаларға жетекшілік етеді. Бұл туралы Aikyn.kz «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына сілтеме жасап хабарлайды. Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйінде» бас директордың орынбасары болып бастады. 1997 жылы Ақтау қаласындағы Салық бөлімінде инспектор болып жұмыс істеді. 1997-1998 жылдары Серікқали Брекешев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасында 8-разрядты инженер болды. 1998-2006 жылдар аралығында «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері болып жұмыс істеген. 2007-2014 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызмет атқарған. 2015-2020 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болды. 2020 жылдың 5 наурызынан бастап 2021 жылға дейін Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды. 2021 жылғы 10 қыркүйектен бастап 2023 жылға дейін Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.