Атырауда 7 жасар ұл балаға өгей әкесінің ағасы азғындық жасаған
Атырауда 7 жасар ұл балаға өгей әкесінің ағасы азғындық жасаған
© turkystan.kz
707
оқылды
«Не молчи» қорының хабарлауынша, Атырауда жеті жасар балаға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы азғындық әрекеттері жасалған. Қорда баланың өгей әкесінің бауыры өзіне не істегенін көрсеткен видео бар, – деп хабарлады "Ақ Жайық". Әйелдің өзін жүкті кезінде де, кесарь тілігінен кейін де күйеуінің туыстары мен күйеуі ұрып-соғып, күн көрсетпеген. Қорлыққа шыдай алмаған әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ дәрігерлер оны аман алып қалған. Алайда ауруханадан шыққан соң тағы да соққыға жығылған. Ал ұлы анасы үшін қорқып, болған жайтты айтпаған. Бірақ әйелдің өзі күдіктене бастапты. Соңында олар үйден қашып кетіп, полицияға арызданған. Қазір қор бала мен анаға адвокат пен психолог іздеп жатыр – әйел психологиялық тұрғыдан қатты шаршаған, көмекке мұқтаж. Күдікті әзірге қамауға алынған жоқ. Атырау облысының Полиция департаменті осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.