Ғалымдар C/2022 E3 (ZTF) деп таңбаланған Жасыл кометаның айналу кезеңінің 50 000 жыл екенін есептеп шықты. Яғни, ол 50 000 жыл бұрын бүгінгідей Жерге жақын қашықтықтан ұшып өткен. Түкті мамонттар өмір сүрген уақыттан бері бізге көрінбеген ерекше Жасыл комета бүгін сәрсенбіде Жерге ең жақын аумақтан ұшып өтеді. Бұл туралы The Washington Post-қа сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_238607" align="aligncenter" width="1225"]
Мамандардың айтуынша, бұлт пен тұман болмаса таза аспанда кометаны жай көзбен де көруге болады. Оның ұшу траекториясы аспанның солтүстік жарты шарындағы Жетіқарақшы шоқжұлдызына жақын.Комета ашық аспанда жай көзге де көрінгенімен, астрономдар оны жақсырақ көру үшін бинокль немесе телескопты пайдалануды ұсынады. Ол көзге көрінгенімен комета біздің планетамыздан 45 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтеді.
Бұдан кейін жасыл кометаны 500 ғасырдан кейін өмір сүретін адамзат көруі мүмкін.[caption id="attachment_238608" align="aligncenter" width="1805"]
Алайда, объектіні талдау барысында Болин оның комета немесе астероид екенін бірден ажырата алмайды: «Мен бұл комета болуы мүмкін екенін айтқым келді, бірақ мен ресми мәлімдеме жасамас бұрын әрқашан мұқият тексеремін».Брайс Болин Халықаралық астрономиялық одақтың Кіші планеталар орталығына хабарлама жіберіп, қосарланған тексеру үшін қосалқы телескоп сұратады. Бірнеше күннен кейін басқа бақылаушылар комета басында пайда болған газ бен шаң қоспасын көргенін растады, бұл оның комета екенін көрсетеді. [caption id="attachment_238609" align="aligncenter" width="1805"]
Комета күн сәулесінің әсерінен бөлшектеніп, қарапайым екі атомды көміртегі молекулаларына ыдырайтын көміртегі тізбегі бар күрделі молекулалардан тұрады. Ғалымдардың айтуынша, бұл жасыл түсті өрісті тудырады.Болиннің пікірінше, бұл кометалар «тарихқа дейінгі жәдігерлерге» ұқсайды, өйткені олар Күн жүйесінің тарихында ерте пайда болған. Болиннің айтуынша, бұл ерекше C/2022 E3 кометасы ғарыштың өте алыс шетінен келген.