Қарағандыда 47 бала түрлі химиялық сұйықтық ішіп қойған
Қарағандыда 47 бала түрлі химиялық сұйықтық ішіп қойған
Фото: Интернеттен алынды
753
оқылды
2019 жылы «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК-да ауыз қуысы күйіп қалған 1 жастан 6 жасқа дейінгі 47 бала ем қабылдады. Оның ішінде 17 бала терезелерді, қазандарды тазалауға арналған құралдарды, плиталар мен әйнектерді, бассейнді жууға арналған сұйықтықтарды, «Комет», жиһазға арналған лак, «Санокс» сынды әр түрлі тазалау құралдарын ішкен. 14 бала калий перманганат ерітіндісімен (марганцовка) химиялық күйік алса, 10 бала сірке суы эссенциясы, 2 бала сутегі асқын тотығымен және 1 бала ацетон ішіп уланған.
«Қызметтік тексеру және анамнез жинау кезінде балалардың қысқа уақыт аралығында қараусыз қалдырылғаны анықталды. Егер баланың тері жамылғысы күйік алған болса, артық затты құрғақ матамен сүртіп, содан кейін зақымданған жерді 20 минут бойы жылы сумен жуу қажет. Баланың киімдері химиялық ұнтаққа былғанса, басынан шешіндірмеңіз, себебі бет пен көзді зақымдауыңыз мүмкін. Мұндай киімді кесіңіз және алып тастаңыз. Ал бала химиялық затты жұтып қойса, мүмкіндігінше бастапқы қаптамадағы сұйықтықты сақтап қою маңызды, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Балалардың 43% - ы күйіктің ауыр түрімен түскен. Балалар ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатып, олардың басым бөлігінде сепсис, медиастинит, өңеш тарылуы түрінде ауыр асқынулар пайда болған, бұл мүгедектікке әкеледі. Одан әрі, балалар бірнеше жыл бойы асқазандағы түтікше арқылы тамақтанып, жоспарлы түрде хирургиялық бөлімшеге өңеш ауызын механикалық кеңейтетін процедурасын қабылдайды. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы