Доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 460,87 теңге. Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 460,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,53 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 459,5 теңге, сатып алу – 463 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 460,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 463,5 теңге. Ресей рублі 6,25 – 6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.