5 өңірде ескерту жарияланды
5 өңірде ескерту жарияланды
© Sputnik / Болат Шайхинов
1,592
оқылды
«Қазгидромет» 2 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Шығыстан жел соғады түнде желдің екпіні 17 м/с-ке жетеді. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман болады. Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ болжанады. Алматы қаласын да қалың тұман басады.