81 жастағы жолаушы апаттан көз жұмды
81 жастағы жолаушы апаттан көз жұмды
Фото: Интернеттен алынды
254
оқылды
Қарағандыда  жол көлік апатынан жолаушы көз жұмды. Бүгін облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. 24 ақпанда «Мерседес» автокөлігінің 46 жасар жүргізушісі Республика даңғылынан Волочаевская көшесіне бұрылғанда, 36 жастағы жүргізушінің «Киа» автокөлігіне соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде «Мерседес» автокөлігінің 81 жастағы жолаушысы алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, екі автокөліктің үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Зардап шеккендердің бірін құтқарушылар автокөліктен зорға шығарып алған. – Бір адам автокөлікте қысылып, құтқарушылардың көмегімен шықты, – деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. – «Қарағанды-Арена» мұз сарайының жанында болған ЖКО салдарынан 4 адам зардап шегіп, біреуі жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін қайтыс болды, – деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы клиникада жолаушылардың бірінен ашық жіліншік сынығы мен бел бөлігі омыртқасының жабық сынығы, екіншісінен бұғанасы сынығы анықталған. Ал бір жолаушы амбулаторлық емге жіберілді. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы