Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады: көршілері не болғанын айтып берді
Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады: көршілері не болғанын айтып берді
Фото: astanatv.kz
1,978
оқылды
Алматы қаласында ер адам әйелін тапаншамен атып өлтіріп, артынан өзіне қол салған, – деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Көршілердің айтуынша, 48 жастағы азамат пен оның жұбайы ажырасуға өтініш берген. Олар қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болды дейді. Қылмыс болған үйде ерлі-зайыптылармен бірге ұлы мен келіні тұратын көрінеді. Бірінші болып ата-анасының мәйітін жұмыстан оралған ұлы көрген. «Қылмыс ер азаматтың қызғанышынан болды, күйеуі әйелін өлтірді. Мәйіттерді кешкі 19:20 шамасында анықтадық. Ұлы жұмыстан келіп, маған бірден қоңырау шалды. Полиция кешкі 7 жарымнан таңғы 5-ке дейін болды», – дейді ерлі-зайыптылардың көршісі. Жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын Полиция департаменті анықтап жатыр.
– Аталмыш дерек Наурызбай ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.